Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды сұрады

Мәжіліс депутаты, соңғы қоңырау, Ашаршылық жіне қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 13:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Аманжол Алтай премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды сұрап сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат 31-мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленгенін еске салып өтті.

Осыған орай ол ҚР оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау 36 оқу аптасының соңы 31-мамыр болып бекітілгенін тілге тиек етті.

"Бұл шешімнің бейіт басында той жасағандай әсер етіп тұрғанын айтпасақ болмайды. Аталған министрлікте осыны уақытында аңғарып, дер кезінде бұл бұйрықта оңтайлы шешім ұсынуға түсінігі жететін бір адамның табылмағаны ма шынымен?! Қайран боздақтардың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Адамшылығымыз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30-мамырға, не болмаса 1-маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап".аМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай

Бұған қоса депутат 31 мамыр телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттерді тоқтатып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың жетік түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетуді ұсынды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: