Жаңалықтар тізбегі
0

19 наурыздағы сайлауға шет мемлекет пен халықаралық ұйымдардан 52 байқаушы тіркелді

19 наурыздағы сайлауға шет мемлекет пен халықаралық ұйымдардан 52 байқаушысы тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 12:54 Сурет: Zakon.kz
ОСК 19 наурызға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар депуттаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын аккредиттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын аккредиттеу бойынша жалпы ұсыныстарды таныстырды.

"Халықаралық бақылау институты ашылғаннан бері 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінде Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушы тіркеуден өткізу ұсынылған еді", - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Атап айтқанда:

  • Үндістаннан 3 кандидатура,
  • Молдова республикасынан 2 байқаушы,
  • ТМД байқаушылар миссиясынан 17 байқаушы,
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан 28 байқаушы
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 2 кандидатураны тіркеу ұсынылды.

Ұсынысты ОСК бір ауыздан қабылдады. Сонымен 19 наурызға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар депуттаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларынан 52 байқаушы аккредиттелді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: