Қазақстандықтар 4 наурыздан бастап өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады
Мамандардың айтуынша, мемлекеттік база негізінде құрылған тізім дайын болады. Тек азаматтарға қандай да бір қателер болмауы үшін саяси науқанға 15 күн қалғанда өзін тізімнен тексеру мүмкіндігі беріледі.
Тізімді Телеграм бот, Веб портал, хабарласу орталығы арқылы білуге болады.
Түрлі себеппен тіркелген жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар 18 наурызға дейін тұрғылықты жерінен есептен шығу куәлігін алуы керек.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәліметінше, азаматтарды белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізуді SMS-хабарлама арқылы ұйымдастыру үшін цифрлық қорғалған нысанда сайлаушылар деректерінің барлық массивін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберіледі.