Семейлік азамат көлігіне жалған ресейлік нөмір тағып алды
Zakon.kz
"Елес" көлік құралының иесіне қатысты келу міндеттемесі қабылданды.
"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласы полиция басқармасының Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өзінің "Toyota" маркалы автокөлігіне "ресейлік" жалған мемлекеттік нөмір орнатқан қаланың 41 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автокөлікті тексеру үшін Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарына сұраныс жолданды. Нәтижесінде Ресейдің ақпараттық жүйелерінде бұл автомобильдің мемлекеттік нөмірі тіркелмегендігі анықталды.
"Елес" көлік құралының иесіне қатысты келу міндеттемесі қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 385-бабының 1-бөлігі – "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript