Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасыдай болмасам да, ұқсап баққым келеді

Елбасымен аттас, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 11:09 Раушан Нарбек
Тұңғыш Президентпен аттас полицейлер.

Әрбір ата-ана сәбиіне ең жақсы есім қоюға тырысады. Ежелден ата-бабамыз сәбиге ат қою мәселесіне аса мән беріп, оған өте мұқият болған. Сондықтан да баланың болашағына ықпал етер, талабына жол ашар мағыналы есімдерді таңдаған. Өйткені есімдердің адам өміріне, яғни адам атына ғарыштағы планеталардың ықпалы бар көрінеді.

Қазақ халқы баласына ат қоярда, сол есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, ырымдап белгілі тұлғалардың есімін берген. Атап айтар болсақ, еліміздің Тәуелсіздігін алған жылы ер балалар арасында Нұрсұлтан ең көп қойылған есімдердің қатарында. Түркістан облысының Ішкі істер саласында елуге жуық Нұрсұлтан есімді полиция қызметкер еңбек етеді. Олардың басым бөлігі Тәуелсіздіктің құрдастары. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан есімді полиция қызметкерлерімен кездесіп, сөйлескен едік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтатын полицейлер ардақты есімнің жауапкершілігін сезінетіндерін жасырмады.

 Атымды қысқартып немесе өзгертіп айтқанын ұнатпаймын

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депратаментіне қарасты Созақ аудандық Пробация қызметі бөлімінің бастығы  Нұрсұлтан Нұрымбетов еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы 29 тамызда ОҚО Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келіпті. Кейіпкеріміздің атын атасы Құттыбек Нұрымбетов қойған екен. Нұрсұлтан өз есімінің қаншалықты салмақты екенін біледі. Сондықтан атына кір келтірмей, қай орта да абыройлы жүруді ойлайды. Ол  Шаян ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, 2009 жылы ҚР ІІМ Шыракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын 2013 жылы ойдағыдай аяқтады. Қолына диплом алған жас түлек Бәйдібек аудандық Пробация қызметіне инспектор болып қызметке орналасады. Ал, 2014 жылы аға инспектор лауазымына көтеріледі. Өткен жылдан бері Созақ аудандық Пробация қызметі бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келеді.

- Тұңғыш Президентіміздің кім екенін білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Қазір Қазақстанды бүкіл әлем танып үлгерді. Сондықтан да Елбасымен аттас болғаныма қуанамын. Қазақ халқы ырымшыл халық емес пе?! Менің атам Құттыбек те Ел Президентіндей беделді адам болсын деген ниетпен менің есімді «Нұрсұлтан» деп қойса керек. Әрине, аты әлемге танылған тұлғаның есімін арқалап жүру де үлкен міндет. Сонымен қатар, менің есімді қысқартып немесе өзгертіп айтқанын ұнатпаймын. Себебі, азан шақырып қойған атымды толық «Нұрсұлтан» деп айтқанын қалаймын. Сондықтан да Ішкі істер саласында аянбай еңбек ету үшін бар күш-жігерімді салудамын. Пробация қызметіне тіркеуге алынған бас бостиандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғане адамдармен жұмыс жасаймыз. Олардың қайта қылмыс жасамуына ықпал жасап, әртүрлі профилактиқалық шаралар өткіземіз. Нұрсұлтан Маратұлы

Елбасымен аттастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 11:09

Жеке мұрағатынан

Елбасыдай болмасам да, ұқсап баққым келеді

Кейіпкеріміз еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 наурызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келіпті. Оның есімін атасы Тәшкенбай жақсы ырымға балап, Нұрсұлтан деп қойған. Бүгінде Түркістан облысы ПД КСБ қызмет өткеруді ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы болып қызмет істейтін Нұрсұлтан Түймебаев ол өзін тәуелсіздіктің құрдасы әрі Елбасымен аттас екенін мақтан тұтады.

- Мен бала кезімнен бастап, әке жолын жалғастырып полиция қызметкері болуды армандадым. 1998 жылы Шымкент қаласы №28 орта мектебінің 1 сыныбына барып, 2007 жылы 9 сыныпты бітірдім. 2007 жылы Шымкент қаласы Болашақ колледжіне «құқықтану» мамамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы оқуды бітірдім. Сол жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында №5516 әскери бөлімінде борышымды өтедім. 2011 жылы Шымкент университетіне сырттай оқуға түсіп, 2014 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дипломын алдым. 2012 жылы желтоқсан айында ОҚО МКҚБ ММ полиция батальонының полицейі лауазымына жұмысқа орналасып, 2014 жыл ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Абай ПБ учаскелік полиция инспекторы қызметіне ауыстым. Ал, 2016 ОҚО ІІД ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инспекторы болып қызмет атқардым. 2018 жылы ОҚО ІІД КЖБ қызмет өткеруді ұйымдастыру жөніндегі инспекторының міндетін атқардым. Қазіргі таңда көне шаһарға жұмыс бабымен ауысып келіп, жаңа облыстың көркейуіне өз үлесімді қоссам деймін. Елімізде 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік күнін тойланып келеді. Қазір Қазақстанды бүкіл әлем танып үлгерді. Сондықтан да тәуелсіздіктің құрдасы болғаным мен үшін үлкен абырой». Нұрсұлтан Түймебаев

Кейіпкерімізге атасы Нұрсұлтан есімін беруінің өзіндік сыры бар көрінеді.

- Кішкентай кезімде атамнан менің есімімді «Нұрсұлтан» деп қойғанын жиі сұрайтын едім. Сонда атам маған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы жалықпай әңгімелеп, «Нұрсұлтандай білімді, ел сыйлайтын азамат болсын деген ырыммен қойдым» дейтін. Жалпы есімімнің Нұрсұлтан болғанына қуанамын, мақтанамын. Мақсатым Елбасымызға ұқсап, мен де жүрген жерімде көшбасшы болғанды ұнатамын. Тәуелсіз ел болуға тұңғыш Президентіміздің еңбегі зор. Елбасымыз әр кезде жастарға қамқор, үнемі көңіл бөліп отыратыны қуантады. Нұрсұлтан Дүйсенғалиұлы

Ата-анамның үмітін адал атқарып келемін

Нұрсұлтан есімін арқалап жүргендердің бірі – құқық қорғау саласының қызметкері Нұрсұлтан Анафияев. Ол болашағын құқық қорғау саласымен байланыстырып, облысымыздың тыныштығын күзетуде. 1992 жылы маусым айында Түркістан облысы, Бабайқорған  ауылында дүниеге келген.

2010 жылы ауылдық мектепті тәмамдаған соң, Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанды. Содан кейін, Шымкент қалалық университетінің «Құқықтану» бойынша білім алып, 2018 жылы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне патрулдік полиция тобының полицейі қызметін атқаруда.

- Есімімді атам Анафия қойған екен. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлындай елі үшін аяңбай еңбек еткен азамат болсын деп ырымдады. Елбасымен аттас болу мақтаныш - әрі жауапкершілік. Оған лайық болу үшін мектепте озат оқушы болдым. Жоғары білім алып, мамандық меңгердім. Қазір қоғамның қауіпсіздігі үшін жауап беремін. Ата-анамның үмітін ақтау жолында адал қызмет атқарып келемін. Нұрсұлтан Сейілбекұлы

Ол  осы салада еңбек етіп жатқанына үш жыл болды. Қызметіне де жауапкершілікпен қарайтын Нұрсұлтанға жолаушылар тарапынан түскен алғыс көп. Ол жұмыс барысында талай мәрте жолда қалып қойған жұртшылықты қауіпсіз орындарға жеткізіп, пойыз жолдарында сақтық шараларын сақтауға және сақтық шараларын алдын алу мақсатында жұмыс атқарып келеді.

- Әрине, есімімнің Елбасымен аттас болғанын мақтан тұтамын. Полиция қызметкері болу бала кездегі арманым болатын.  Полиция формасы жауапты қызметті атқарып жүргенімізді көрсетеді.  Адамдарға қол ұшын созуды да міндетім деп білемін.

Түркістан облысы Ішкі істер органдарының Елбасымен аттас және 1991 жылы дүниеге келген тәртіп сақшылары еліміздің барша азаматтарын айтулы мереке Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтайды.

 Раушан НАРБЕК, Түркістан облысы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: