Алматы мен Шымкент көшелеріне қозғалатын жаңа «Сергек» орнатылды
Zakon.kz
Алматыда жаңа камералар орнатылды. Олар нені бақылайды?
Алматылық жүргізушілер байқаған жаңа үлгідегі камера — «сергектің» жақсартылған түрі. Бұған дейін Шымкентте де осындай камера орнатылған.
Бұл туралы Kolesa.kz-ке «Көркем Телекомның» баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл көлемі шағын, оптикасы жақсырақ, тұнықтығы жоғары жаңа үлгідегі камера. „Сергек“ шыққалы бірнеше жыл болды, содан бері камералар үздіксіз дамып жатыр, біз де өнімдерімізді заманға сай жаңартып отырамыз. Бұл камералардың оптикалық жүйесі жақсырақ, қамту аймағы мен сурет сапасы тұрғысынан техникалық мүмкіндігі жоғары». «Көркем Телеком» баспасөз қызметі
«Сергекті» жасаушылардың айтуынша, бұрынғы камералар бекітілген аралықты бақылайтын объективпен жабдықталған. Ал жаңа камера — варифокальді, яғни фокус ұзындығын қолмен немесе қашықтан реттеуге болады. Варифокальді объектив шолу аймағын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, соның арқасында өлшемді сапалы жасауға және мемлекеттік нөмірді анығырақ суретке түсіруге болады. Жаңа камера да «дөңгелек» әріптесі секілді жол ережесін бұзғандарды тіркейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript