Жаңалықтар тізбегі
0

Қаза тапқан полицейлердің отбасына қандай көмектер беріледі

Алматыдағы шеру, жаппай тәртіпсіздік, Алматы, қаза болған полицейлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 11:49 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ қаңтар қақтығысы кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасына қандай әлеуметтік көмектер тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұдан бұрын атап өтілгендей, 2022 жылдың қаңтарында елімізде орын алған қылмыстық элементтер мен қарулы қақтығыстар салдарынан ішкі істер органдарының сегіз қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты.

Бұл олардың отбасылары мен ішкі істер министрлігінің әрбір қызметкері үшін орны толмас шығын. Олардың есімдері батырлар жылнамасына мәңгі енгізіліп, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының қайғылы тарихына алтын әріппен жазылады. Олардың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің бірде-бір отбасы мен балалары біздің назарымыздан тыс қалмайды.ҚР Ішкі істер министрлігі

Атап айтқанда, соңғы демі біткенше борышы мен антына адалдық танытқан 8 қызметкердің әрқайсысы қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сонымен қатар, “Құқық қорғау қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабы бойынша қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер көзделген:

  • Қайтыс болған адамның отбасына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

  • Қызметкердің балаларына кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызметті пайдалану құқығы сақталады.

  • Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.

Сонымен қатар, ІІМ басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу процестері және тұрғын үй мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер жасау мәселесін пысықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: