Шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасы шықты
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаменті шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.
Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, “Молотов” коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған.
Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз
Полиция департаментінің хабарлауынша, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript