Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі жігіт ұсталды
Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы
Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы табылған мәйіт 28 жастағы әйелге тиесілі екенін жазды.
17 қаңтарда Абай ауданының полиция басқармасына “1 мамыр” көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Мәйітке пышақ жарақаттары салынған.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды. Түркістан облысы ПД
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript