Қаңтар оқиғалары: Бас прокуратура 819 қылмыстық істі тергеп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура елімізде орын алған лаңкестік әрекеттердің мән-жайларын және себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының 1-қызметінің басшысы Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарымен қылмысқа қатысушыларды анықтау, кінәлі тұлғаларды жазаға тарту, сондай-ақ қоғамды толық қауіпсіздік жағдайына келтіруге бағытталған қажетті шаралар қолданылуда. Зардап шеккен адамдар мен бизнес нысандарына қатысты оқиғаларды тергеуге ерекше назар бөлінуде.
Бүгіндері жедел тергеу топтарымен 819 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 45-і терроризм актілері, 36-сы жаппай тәртіпсіздік, 15-і адам өлтіру деректерімен байланысты. Сонымен қатар ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне қарсы күш қолдану фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде. Бұл істер бойынша 970 күдікті қамауға алынып, олардың ішінде 182-сі соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, 29-ына қатысты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды, 464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздік айыбы бойынша ұсталды.Одан басқа 226 адам ұрлық жасап, 60-сы қаруды заңсыз сақтау, 39-ы қаруды жымқыру, 25-і бұзақылық, 21-і тонау деректерімен қамауға алынды. Басқа да қылмыстық істер бойынша ұсталған адамдар бар. ҚР Бас Прокуратурасының 1-қызметінің басшысы Елдос Қилымжанов
Қилымжановтың айтуынша, бұл арада бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайластық қатынаста тергеуге тартылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript