Прокурорлар күнде УҰИ, тергеу изоляторлары мен қабылдау орындарын тексереді
Сурет: Zakon.kz/Михаил Золотухин
Прокурорлар күн сайын УҰИ, тергеу изоляторлары мен қабылдау бөлімдерін тексеріп отырады, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының 1-қызметінің басшысы Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Атап айтқанда, 29 ұсталған тұлғалар бойынша соттармен қамауға алуға бас тартылған, олар қазір босатылды. Прокурорлар қамауға алынғандардың ұстау мекемелерін күнделікті тексеруде. Біз, адамдарды ұстауға негіз болмауына байланысты 96 адамды уақытша ұстау изоляторларынан босаттық. Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде, 73 дене жарақаттары бар адамдарды анықтады. Олардың ішінде үшеуіне қатысты бұртартпа шаралары өзгертілді, олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында 29 оқ жарақат алғандар қалалық ауруханаралға жатқызылды. 41 қамауға алынғандар, жарақаттардың ауырлығын ескере, тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді.Елдос Қилымжанов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript