Сотталушы қоғамдық жұмыс түріндегі жазасынан пара беріп құтылмақ болды
Сотталған "К" азамат Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша 80 сағат қоғамдық жұмыс түрінде Петропавл қалалық сотымен сотталды.
СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепке қою кезінде сотталған адам қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің шарттары мен тәртібімен, оған сот жүктеген міндеттермен және оларды орындамаудың салдарымен танысқан.
Бірақ сотталушы қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде сот тағайындаған жазаны орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Осылайша ол сағат 19.00 шамасында пробация қызметі бөліміне келіп, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару және пробация қызметінің инспекторы тарапынан осы мәселеде көмек сұрау мақсатында инспекторға пара ұсынды. Сотталған проблеманы осылай шешуге бірнеше рет талпынғандықтан, Петропавл қаласы Пробация қызметі инспекторы оның айтқанына шартты түрде келісіп, бұл факт туралы СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментіне хабарлады.СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Жедел іс-шара барысында ҚАЖД қызметкерлері Өзіндік қауіпсіздік тобы және полиция департаментімен бірлесіп, сотталған адамды ұстады. Сотталушы 80 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны өтемегені және 30 мың теңге сомасында пара бергені үшін жауапқа тартылады.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотталушыға параның жиырма еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.