ҰҚК-нің үш өңірдегі лауазымды тұлғалары әрекетсіздік танытты – Бас прокуратура
Сурет: Zakon.kz
Бүгіндері ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК-ның "А" арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары мен аталған қызмет орталығының бастығы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің лауазымды тұлғалары әрекетсіздік танытты. Біз кейбір күштік құрылым басшылары заңдылықты қамтамасыз етуге арналған арнайы бөлімшелердің әрекеттерін әдейі тежеді деген нұсқаны қарастырып жатырмыз. Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров
Аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді қолға алды.
Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті туралы қылмыстық істерді тергеп жатыр.
Бүгіндері ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Билікті асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК-нің "А" арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және аталған қызмет орталығының бастығы ұсталды. Қылмыстық іс өте құпия болып табылады, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін тергеудің мән-жайы жария етуге жатпайды. Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript