Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда билік өкіліне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілік қатаңдатылмақ

Лауазымды тұлғалар, полицейлер, жауапқа тарту, заң жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 16:48 Сурет: Zakon.kz
Билік өкілдеріне шабуыл жасағаны және заңды талаптарға бағынбағаны үшін жауапкершілік қатаңдатылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі осы мәселені көтерген консультативтік құжат әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша консультативтік құжат дайындады.

Ішкі істер органдарының имиджі халық арасында жоғары деңгейде емес. Полиция қызметкерлеріне құрмет пен сенімнің болмауы, ал кейбір жағдайларда оларға қарсы агрессияның көрінісі олардың өз міндеттерін жүзеге асыруында қиындықтар туғызады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы қызметкерлердің құқықтық қорғалуын толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Құжатта ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіне қол сұғатын барлық қылмыстардың ішінде лауазымды адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған қылмыстық әрекеттер басым екені айтылған.

Құқық қорғау процесінде полиция қызметкерлері жиі қауіп-қатер төнетін, жиі балағаттау айтылатын категорияға жатады, бұл олардың кәсіби міндеттеріне тікелей байланысты.

Осылайша көптеген азаматтар қызметкерлердің іс-әрекеттерімен келіспейді, заңның талаптарына бағынуды қажет деп санамайды және ішкі істер органдарының қызметкерлерін балағаттап, көбінесе зорлық-зомбылық қолдану арқылы белсенді қарсылық көрсетеді.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты билік өкілдерінің, сондай-ақ олардың жақындарының құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулермен қатар, заң жобасы Алматы қаласында және еліміздің басқа да қалаларында ағымдағы жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезеңінде кеңінен таралған қылмыстардың мынадай топтары үшін қылмыстық жауаптылық шараларын күшейтуге бағытталған сабақтас нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:

– денсаулыққа, жыныстық бостандыққа және қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар;

– меншікке қарсы қылмыстар;

– террористік қылмыстар;

– қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Көрсетілген құрамдарға қатысты осы іс-әрекеттерді:

  • төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында;

  • төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;

  • құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге немесе олардың жақындарына қатысты осы адамның өз қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты, сол сияқты қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу;

  • жымқыру немесе қорқытып алу нәтижесінде алынған, төтенше жағдайлар кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған мүлікке қатысты;

  • арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және (немесе) арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялған жедел немесе арнайы қызметтердің көлік құралына қатысты;

  • қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, арнайы құралдарды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді иелену мақсатында, сол сияқты жеткізілгендерді, ұсталғандарды, қамауға алынғандарды немесе сотталғандарды босату мақсатында жасағаны үшін жауапкершілік шараларын күшейту бойынша түзетулер көзделген.

    Осыған байланысты полицейлердің құқықтық қорғалуын арттыру және билік өкілдеріне шабуыл жасағаны және заңды талаптарға бағынбағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі түзетулерді қарау ұсынылады.

    Құжат 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: