Қаңтар оқиғалары. Прокуратураға азаптауға қатысты 363 шағым келіп түсті
Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-да өткен брифингіде прокуратура қызметкерлері құқық қорғау ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста ұсталғандар мен қамауға алынғандарды ұстау жағдайларын күн сайын тексеріп отыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұрын қолданылған бұлтартпау шараларын жұмсарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттаушы материалдарды ескере отырып, 157 адамға қатысты қамауда ұстау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл беруге, үйқамаққа алуға немесе жекелей кепіл беруге ауыстырылды. Бұл реттегі цифр соңғысы емес, өйткені бұлтартпау шараларын қайта қарау жөніндегі жұмыс әлі жалғастырылып жатыр. Елдос Қилымжанов
Прокурорлар тәртіпсіздікке қатысы жоқ болуына байланысты 103 адамды уақытша ұстау изоляторларынан босатты.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты арыздарды тексеруге ерекше назар аударылады.
Азаптау бойынша: қазіргі уақытта прокуратураға осындай 363 шағым түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне қатысты 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлар өндіріске сегіз осындай істі қабылдап алды. Елдос Қилымжанов
Ол Атырау қаласындағы "Динамо" стадионында ұсталғандарға қатысты оқыс оқиғалар, Батырбаевтың, кәмелетке толмаған Есболатұлының және Алматы облысының полиция ғимаратында күш қолданғаны туралы басқа да адамдардың мәлімдемелері, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған өзге де фактілер өндіріске алынып, тексеріліп-тергеліп жатқанын нақтылады.
Әрбір қылмыстық іс бақылауда. Нақты нұсқаулар берілген. Процессуалды прокурорлар тағайындалды. Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесіп, орын алған оқиғалардың мән-жайларын анықтау, сондай-ақ заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтай отырып, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Елдос Қилымжанов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript