Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда жүргізушіні таспен ұрып өлтірген күдікті қамауға алынды

Жол көлік апаты, Қызылода тас жолы, Кентау, ерегіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 11:41 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда тас жолы бойындағы жол-көлік апатынан соң ерегіскен екі жүргізушінің бірі оқиға орында қайтыс болды. Жүргізушіні таспен ұрып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
20 ақпан сағат 23.05-те Түркістан қаласы полиция басқармасының 102 пультіне жедел жәрдем фельдшерінен жанар жағар-май бекетінің қарама-қарсы жағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Түркістан қаласынан Кентау қаласына бара жатқан бағытта, яғни Қызылорда тас жолында жол апаты орын алып, екі жүргізушінің арасында жанжал туған. Жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрған, салдарынан біреуі оқиға орнында қайтыс болған.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жедел жәрдемді күдіктінің әкесі шақырған. Жедел жәрдем дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтап, полицияға хабар берген.

Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын Алматы облысында "тонау" бабы бойынша шартты түрде жазасын өтеген.

Оны полиция қызметкерлері қылмыс орнында ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалды.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның мән-жайын полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайтын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: