ШҚО-да бір тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды
Сурет: pixabay
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Өскеменде Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынының көлігін тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ бірнеше қап балықты анықтады. Ол балықты Жарма ауданынан әкеле жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қаптарда 905 кг көксерке, 30 кг шортан, 29 кг сазан, 119 кг табан және 30 кг торта балығы бар екені анықталды. Балықтың жалпы салмағы 1 113 кг болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript