Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция аяғы ауыр Назым Алдашқа халықаралық іздеу жариялады

Халықаралық іздеу жариялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2022 12:45 Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Назымның үстінде ашық қызғылт түсті күрте, ақ түсті спорттық шалбар, аяғында қара түсті туфлиі болған. Ерекше белгілер: бойы 165-168 см, орташа, етжеңді, мойнында меңі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне жоғалып кеткен 17 жастағы Назым Алдаштың анасы көмекке жүгінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Otyrar.kz ақпаратына сүйенсек, 2021 жылдың қазан айында Назымды Түркістан облысынан Алматыға бара жатқан жерінен Facebook арқылы танысқан жігіті алып қашқан.

Қыз оған тұрмысқа шыққан. Үш айдан кейін анасы қызын көруге барып, оның сабалған күйіне куә болады. Анасы жүкті Назымды үйіне алып кету туралы шешім қабылдайды. Бір ай бұрын ол ауруханаға баратынын айтып, үйден шыққаннан кейін кері оралмағаны айтылады.

Қазіргі уақытта полиция жүкті қызға халықаралық іздеу жариялады. Іздеуге волонтерлар да жұмылдырылып жатыр.

Халықаралық іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2022 12:45

Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Назымның үстінде ашық қызғылт түсті күрте, ақ түсті спорттық шалбар, аяғында қара түсті туфлиі болған. Ерекше белгілері: бойы 165-168 см, орташа, етжеңді, мойнында меңі бар.

Қандай да бір ақпарат білгендер болса Сауран АПБ кезекші бөліміне мына телефондар бойынша хабарласу сұралады: 8 725 33 5 86 50, 8 747 008 74 80, немесе 102.

Немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: