ШҚО колониясына пошта арқылы жеткен сәлемдеме ішінен есірткі табылды
Сурет: ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
Кептірілген өрікке және шампунь бөтелкесінің ішіне есірткі жасырып, пошта арқылы жіберген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жолы сотталғандарға есірткі кептірілген өрік пен шампунь бөтелкесіне жасырылып жіберілген.
ОВ 156/2 төтенше қауіпсіздік колониясының қызметкерлері Ұлттық Ұланның 6699 әскери қызметшілерімен бірге сотталғандардың біріне сәлемдеме беру кезінде есірткіні тапты.
Алматылық сәлемдеме жөнелтуші кептірілген өріктің ортасында кептірілген өрік дәнінің орнына целофан мешогына салып есірткіні жасырған. Сондай-ақ шампунь бөтелкесінің астына дәл осылац целофан мешогына салып есірткіні салып үстінен ешкім байкамас үшін шампунь құйып қойған. Табылған заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша тергеу тағайындалды.
Сурет: ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript