Түркістанда көлігімен саябақтың ішіне кіріп кеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері оқиғаның Арыс ауданында болғанын анықтап, жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысының полицейлері Instagram парақшаларының бірінен жол қозғалысы ережесін бұзушының бейнежазбасын анықтады.
Осы жайт бойынша Арыс АПБ-нің полицейлері «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Жас жігітке қатысты ӘҚБтК-нің екі бабы: ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 2-бөлігі «Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» және 612-баптың 2-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көлік айыптұраққа қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript