Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қаңтар: жоғары лауазымды екі полиция қызметкері ұсталды

Алматы трагедиясы, қаңтар қасіреті, Бас прокуратура, тергеу, лауазымды тұлға, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 17:49 Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов брифингте Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қилымжановтың айтуынша, арнайы прокурорлар құқық қорғау органдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетенің 3 департаментінің басшылары өз ғимараттарын тастап кеткені белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша «Қызмет бабындағы әрекетсіздік» бабымен 9 қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Тағы бірнеше шенеунік қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың бірінші және екінші сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр.Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Сондай-ақ Бас прокуратураның өкілі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқығын сақтауға ерекше назар аударылатынын айтты. Барлық тергеудің рұқсат етілмеген әдістері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Арнайы прокурорлар ең резонансты он жағдайды тергеп жатыр. Аталған істер бойынша арнайы прокурорлар тоғыз лауазымды тұлғаны ұстады. Оның сегізі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері болса, тағы біреуі полиция қызметкері. Әлеуметтік желілерде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану жалғасуда деген мазмұнда жазбалар жариялануда. Аталған адамдарға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық қолданылып жатпағанына сендіреміз. Елдос Қилымжанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: