Ресейден шыққан жүк көлігі Түркістан облысындағы тас жолда өртеніп кетті
Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Ресейден Тәжікстанға бағыт алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысындағы тас жолда отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 сәуірде сағат 21: 00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара – Шымкент тас жолының 73 шақырымында жүк көлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты.
Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Volvo жүк көлігі тіркемесінің баллоны өртенгені белгілі болды.
Өздігінен от тұтану салдарынан үлкен жүк көлігі үстіндегі тұрмыстық техникадан тұратын жүгімен қоса толықтай өртенді. Зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын тіркелді. Жүргізуші тек құжаттарын алып үлгерген. Өрт сөндірілді. Жолдар ашық. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл факт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript