ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды
Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.
Бұған дейін ол ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болған.
Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев 1965 жылы қыркүйекте Алматыда дүниеге келген
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеуші қызметінің стажері болып бастаған. Прокуратура тергеушісі, Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі және Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші және орынбасары болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі жауапты қызметтерді атқарды, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.
2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі болды.
2012 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып еңбек етті.
2016 жылдан 2020 жылдың ақпан айын дейін Ақмола облысының прокуроры болды;
2020 жылдан бастап осы күнге дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып келді.