Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ мен ЦДИАӨМ полиция қызметіне инновацияларды енгізуді талқылады

Біріккен кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:42 Сурет: Polisia NEWS
Мемлекет басшысының мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмасы аясында Ішкі істер министрі мен Цифрлық даму министінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ведомство басшылары АХҚО-ның Экспат-орталығына барды, онда бүгіннен бастап Қазақстанға шетелден ұзақ мерзімге келетін IT-мамандар ең қажетті рәсімдерден өте алады. Мұндай орталықтың артықшылығы – уақытты үнемдеу, өйткені қызметтерді алушы барлық рәсімдерді бір жерде өтіп, түрлі ұйымдарға бармайды.

Цифрландыру бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:42

Сурет: Polisia NEWS

Елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығында Марат Ахметжанов пен Бағдат Мусин ІІМ-нің “Ахуалдық-талдау орталығы” және “Сергек” АӨК мобильді қосымшасы” перспективалық жобаларын және ішкі істер органдарында цифрландыруды одан әрі дамыту жоспарларын қарады.

ІІМ талдау орталығы қылмыстың алдын алу және алдын алу саласындағы маңызды құрамдас бөлік болып табылатын қылмыстың криминологиялық болжамын қалыптастыруға арналған.

Мобильді қосымша – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мен жүргізушілердің тәртібін арттырудың сапалы шешімі болып табылатын жол жүрісін автоматты түрде қадағалау жөніндегі функционал.

Екі ведомство министрлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтарымен, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалдарымен бейнеконференцбайланыс режимінде бірлескен кеңес өткізді.

Инновацияларды енгізу полиция қызметін бюрократиядан арылтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ, ішкі істер органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көптеген жобалар бар, ІІМ оларды ЦДИАӨМ және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықта іске асыратын болады. ҚР ІІМ басшысы Марат Ахметжанов

Ведомство басшысы өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тек полицияның ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың да міндеті екенін атап өтті. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға оның барлық субъектілері, оның ішінде әкімдіктер де тартылуы тиіс.

Цифрландыру қазақстандықтардың өмірін жеңілдетеді, мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығына әсер етеді. Жақын арада құжаттарды рәсімдеу мерзімі айтарлықтай қысқарады, бұл ретте барлық процестер ашық болады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Бірақ сапалы нәтижелер үшін мемлекеттік органдардың “сандар” және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бірлесіп жұмыс істеуі маңызды. Біз ІІМ басшылығымен бұл туралы келістік, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жұмыс жасайтын боламыз. Цифрлық құжаттарды танудан бастайық. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Кеңес қорытындысы бойынша ішкі істер органдарын одан әрі цифрландыру және ҚР ЦДИАӨМ қатысуымен полиция қызметіне бірлескен инновацияларды енгізу бойынша шешімдер қабылданды.

Полиция қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 20:42

Сурет: Polisia NEWS

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: