Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты

Сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 15:32 Сурет: Zakon.kz
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Сот соталушының бірқатар жеңілдететін жағдайлары мен ауыр дертін есепке алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семейдің №2 сотында Нұрлан Жоламановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша материалдар қаралды.

Жазаны өтеу кезінде ол өзін жағымды жақтарынан көрсетті, іс жүргізу шығындарын төледі, сот үкімі бойынша азаматтық талабы жоқ, 19 мадақтауы бар, жеңілдетілген ұстау жағдайына ауыстырылды, оқу іс-шараларына және мекеменің қоғамдық өміріне белсенді ат салысады, сондықтан ол жазасын толық өтеуді қажет етпейді. Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкім етілді

Жазасын өтеу мерзімі 2014 жылы 27 қазаннан басталып, 2025 жылдың 27 қазанында аяқталуы тиіс еді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өз өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Оның адвокаттары, мекеме өкілі және прокурор да өтінішті қолдады.

Сот бұл өтінішті қанағаттандыру қажет деп тапты. Жоғарғы Соттың 02.10.2015 жылғы №6 "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы" нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес...", сондай-ақ оны жағымды жағынан сипаттайтын деректерді ескере отырып, сот оны түзету және жазаны одан әрі өтеу үшін негіздердің жоқтығы туралы оң мәліметтер ретінде бағалады. Сонымен қатар бірқатар ауыр дертін де ескерді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: