Қаңтардағы бүлік кезінде қатысушылар нұсқауды Telegram арқылы алған – Бас прокуратура
Сурет: Zakon.kz
Telegram арнасы арқылы бүлікке қатысушылар баррикадалар құру және Молотов коктейльдерін жасау бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар алып отырған. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жамбыл облысының тұрғыны 4 қаңтарда Алматы қаласында болып, Telegram арна ашып, оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылған. Осы Telegram арна арқылы қатысушылар баррикадалар құру, Молотов коктейльдерін жасау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отырған. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Қилымжановтың айтуынша, осы арна арқылы 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға шабуылын түзету туралы ақпарат жіберілген.
Күдікті анықталды және ол қазіргі уақытта қамауда. Осы өңірде «Газель» автокөлігін жүргізуші С және оның жақтасы К есімді азаматтар анықталды. Олар аталған көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, полицияның ұрланған қалқандары мен кеудешелерін таратқан.Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Бас прокуратура өкілінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органы қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін олар автокөлік жолдарын жапқан.
Қылмыстық істерді талдау нәтижесі бұл қылмыстарды жасаудың ұқсас тәсілдері қайғылы оқиғалар болған басқа өңірлерде байқалатынын көрсетті. Бұл мән-жайлар олардың үйлестірушісі және жоспары болғанын көрсетті. Мысалы, Алматы қаласында төрт күдікті ұсталды. Олар әлеуметтік желілер арқылы арматура кесінділерін және қиратушылар орналасқан жерге тасымалдау туралы нұсқаулар алған. Қазіргі уақытта олардың үйлестірушісі анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript