Жаңалықтар тізбегі
0

Іздеуде жүрген 19 жастағы павлодарлық Германияда ұсталды

Павлодар, Германия, халықаралық іздеу, қылмыс, Өзбекстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 15:11 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының полицейлері Қазақстандағы Интерполдың ұлттық орталық бюросымен бірлесіп Германияның Нюрнберг қаласында Екібастұздың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қарақшылық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұзда қарақшылық жасап, Германияға қашып кеткен.

Сонымен қатар полицейлер тағы бір қылмыскер туралы айтты.

Павлодарда Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысының ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомстводағылар жыл басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 25 қылмыскердің ізіне түскенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: