Омбы – Майқапшағай тас жолында ауыр жол апаты орын алып, алты адам қаза тапты
Апат орнынан түсірілген видео мен суреттер instagram-да жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 8 мамырда сағат 11:20 шамасында Жарма ауданы Шар қаласы ауданындағы Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолының 475/846 шақырымында орын алды.
Жарма ауданына бағыт алған SsangYong Actyon маркалы көлігінің 35 жастағы жүргізушісі аталған тас жолдың 475/846 шақырымында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, ВАЗ-21014 маркалы көлікпен соқтығысқан. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Жантүршігерлік жарақат алған ВАЗ-21014 маркалы көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, SsangYong Actyon маркалы көлігінің 35 жастағы жүргізушісі және әртүрлі жарақаттары бар кәмелетке толмаған үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады.