Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында «отбасылық» қылмыстық топ 70 пәтерді тонаған

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 19:48 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласында ұйымдастырылған қылмыстық топты әшкереледі, олар өңірдегі Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының аумақтарындағы терезеден түсу арқылы 70 пәтерді тонаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қылмыскерлерді аудан орталықтары мен ауылдардағы ұрлық әдістерін салыстырып, қаланың ломбардтарына ұсынылған тауарлары арқылы анықтаған7

Ашылмаған пәтер ұрлықтары бойынша жүргізілген талдау және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 26 жастағы ер адам полицияның назарына ілікті.

Әрі қарай тексеру нәтижесінде ол өзінің таныстары мен туыстарынан тұрақты топ құрып, әрқайсына рөлдер бөліп бергені белгілі болды.

Ұрлық жасаған кезде олар міндетті түрде үй иелерінің жоқтығына көз жеткізіп, үйдің ерекшеліктерін ескере отырып (торлардың, дабылдардың, бейне бақылау камераларының болуы) әр қылмысты жасауға мұқият дайындалды және үй иелерінің күн тәртібін зерттеді.

Ұрлық жасалған жерден оны күйеу баласы алдын ала жоспарланған қозғалыс бағыты бойынша өзінің жеке көлігімен бірден алып кетіп отырған.

Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған мүлікті ломбардтарға өткізіп, түскен пайдасын өзара бөліскен.

Ұрланған зат бірден Шымкент ломбардтарына сатылды, ал түскен пайда өзара бөлінді. 

ПД мәліметі бойынша, түркістандықтарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты.

Тінту барысында бұзуға арналған 32 түрлі монтаж-құрылғылар, басты кілттер, 52 зергерлік бұйым, 106 кепіл билеті және күдіктілер ұрлаған заттарын тасымалдаған автокөлік тәркіленді.

Ұйымдастырушы және топтың екі мүшесі Түркістан облысы ПД Қазығұрт аудандық ПБ УҰИ-ға қамалды. Тағы бір күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі сотқа жіберу үшін тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: