Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқ емшіге қаралған Семей тұрғыны 210 мың теңгесінен айырылды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 22:05 Сурет: Zakon.kz
Семей тұрғыны қызын емшіге емдетуге апарамын деп қомақты ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың мамыр айының басында Семей қаласы ПБ Әуезов аудандық полиция бөлімінің "102" шұғыл байланыс желісіне 42 жастағы қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол 2017 жылдың көктемінде танымайтын әйел тері ауруына шалдыққан қызын емдеймін деп өзінен 210 мың теңге алғанын айтты. Бірақ "емшінің" әрекеті еш нәтиже бермеген.

Криминалдық полиция қызметкерлері 61 жастағы күдіктіні ұстады

Оған қатысты келіп көрініп тұру түрінде бұлтартпас шарасы таңдалды. Жауап алу кезінде ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Алынған ақша қайтарылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бұл бапқа сәйкес, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: