Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-дағы тергеу изоляторындағылар да дауыс берді

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 11:39 Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында тергеу изоляторында отырған 155 адам өз құқығын пайдаланып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл қаласы, Заречный кенті, Заречная көшесі, 98-үйде орналасқан ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесіндегі №656 сайлау учаскесі мекеменің акт залында орналасқан, ауданы - 45 шаршы метр. Үй-жай дауыс беруді өткізу үшін ҚР ОСК 25.08.2018 ж. №12/199 қаулысымен бекітілген "Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау жөніндегі нұсқаулыққа сай қажетті жиһазбен жабдықталған.

Жасырын дауыс беруге арналған кабиналар, стационарлық сайлау жәшіктері бар. Сайлау учаскесі өрт қауіпсіздігі және техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Екі стационарлық бейнебақылау камерасы орнатылды, жеке құрамды орналастыру әзірленді, тергеу-қамауға алынғандарды камералардан сайлау учаскесіне шығару схемасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдарға бүгінгі күні тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың тізімдері жіберілді, дауыс беру құқығы бар күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың тізімдері дайындалды.Мекеме аумағында дауыс беруге үкімдері заңды күшіне енбеген күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар қатысады. СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Үкімдері заңды күшіне енген сотталғандардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 4-бабына және "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 5-бабына сәйкес жалпыға бірдей сайлау құқығы болмайды.

Дауыс беру құқығы бар – 155 адам, жалпы санның 73 пайызын құрады. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар толық көлемде құжатталған. Ең жас дауыс беруші – 19-да, ең егде жастағы – 75 жаста. Толықтай дауыс беру бір сағаттың ішінде аяқталды. СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 11:39

Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: