Семейде экспедитор жұмыс берушінің қаражатын талан-таражға салған
Сурет: Zakon.kz
22 мамырда Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық ПБ “102” жедел арнасына ЖШС директорынан арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қоластында жұмыс істейтін 30 жастағы экспедитор компанияның қаражатын талан-таражға салғанын хабарлаған. Осылайша компанияға шамамен 430 мың теңге шығын келтірген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қаскөйді ұстады, күдіктіден жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындаған. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript