ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қараусыз қалған жануарларға 100 келі азық жеткізді
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 колониясының қызметкерлері қараусыз қалған жануарларға арналған мекенге ат басын тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнда бүгінде 30 астам қараусыз жануар пана тапқан. Қызметкерлер өз күштерімен оларға 100 келіге жуық тамақ жинап апарды.
Біз үнемі мұқтаж жандарға көмектесуге тырысамыз. Бұл жолы біз қараусыз жануарлар пана тапқан мекенге баруды жөн көрдік. Біз оларға біраз уақытқа жететін тамақ апардық. Алдағы уақытта бұл жануарларға тұрақты орын табуға көмектескіміз келеді. Оларға мейірімді де жауапты отбасылар қамқорлық жасауын қалаймыз, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 колониясының қызметкері, әділет капитаны Арай Көшербаева.
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript