ШҚО тұрғыны таныстарын алдап, несиеге 22 млн теңгенің тауарларын алғызған
22 шілдеде Өскемен қаласының Полиция басқармасы Үлбі полиция бөліміне алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Біршама уақыттан кейін қаланың тағы үш тұрғыны көмек сұрап полицияға жүгінген. Олардың барлығын ортақ проблема біріктіргені анықталды.
23 жастағы қала тұрғыны ірі сауда үйлерінің бірінде ақшалай көмек көрсетемін деген желеумен, олардың аттарына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Барлық жәбірленушілер бұрын күдіктімен таныс болғаны анықталды. Қаскөй өзінің сенімді қылмыстық сызбасына сәйкес, жәбірленушілердің аттарына тауарлық несие ресімдеп, барлық қарызды өзім өтеп отырам деп сендірген. Қолына түскен заттарды сатудан түскен ақшаның бір бөлігін жәбірленушілерге берген. Күдіктінің алғашқы айда несиелерін өтегені белгілі болды, одан әрі төлеуді тоқтатқан екен. Одан әрі жәбірленушілерге мерзімі өткен несиелер туралы қоңыраулар түсе бастаған.
Қазіргі уақытта тергеу 23 жастағы ер адамның 28 ұқсас алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта залалдың алдын ала сомасы шамамен 22 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, айыпталушының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.ШҚО ПД баспасөз қызметі