Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде әйелі бар ер адаммен жүрген келіншек сотталды

Әйелі бар еркек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2022 10:32 Сурет: pixabay
Өскемен қаласының № 2 соты әйелге үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіншек бұрын көңіл жарастырып, өзімен бірге тұрған ер адамды үйіне қонаққа шақырады. Өзара әңгіме барысында ол ер адамнан жұбайымен ажырасуды талап етеді. Бұған сүйгені келіспеген. Сол кезде келіншек полиция шақырып, өзінің зорланғаны туралы арыз жазады, деп хабарлайды Noks.kz.

Бірақ жымысқы пиғылдың арты ашылып, енді келіншектің өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынады. Кейіннен сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды ("Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптай отырып, көрінеу жалған мәлімет беру").

Сот әйелді үш жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: