ШҚО-да пробациялық бақылауға алынған қызға электронды білезік тағылды
Сурет: Zakon.kz
ШҚО-да жас қыз досына қонаққа барып, оның подьезінде тұрған спорттық велосипедті ұрлап, сатып жібермек болған. Осы үшін шартты түрде сотталған ол пробациялық бақылауға алынғанымен, оның тәртіптеріне бағынбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыздың велосипедке отырып кеткені бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оған қатысты бір жылға бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған бір жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатылып, міндеттер жүктелді. Алайда, сотталған жазаны өтеу шарттарын бұзды, содан кейін ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері оған электронды бақылау білезігін тақты. Егер жаза өтеу тәртібі тағы да бұзылған жағдайда, бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлер 20-дан астам заң бұзушылықты анықтап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдады. Бұдан басқа, кейбір тұлғаларға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындалу үстінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript