Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полициядан артқа жүріп қашқан жеңіл көлік видеоға түсіп қалған

Әкімшілік хаттама толтырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2022 16:57 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, көлігімен артқа қарай жүріп қашқан ВАЗ 2107 көліuжүргізушісінің бейнежазбасы таралған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде оқиғаның кешкі уақытта Сарыағаш ауданындағы елдімекендердің бірінде болғаны анықталды. Ал полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні сол сәтте тоқтатып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ құқық бұзушының ВАЗ көлігі “ресейлік нөмірлі” және техникалық байқаудан өтпеген болып шықты. Нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, яғни жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі “Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу” және ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі “Маневр жасау қағидаларын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жүргізуші жас жігіт өзінің теріс әрекеті үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамауға уәде берді.

Полицейлер жүргізушілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: