Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда жол апатына ұшыраған автобуста әуежай қызметкерлері болған

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 21:09 Сурет: видеодан алынды
Полиция департаментінің дерегінше, жүк көлігі Ақтөбе облысын бетке алған. Ал жолаушылар мінген автобус киелі шаһардағы халықаралық әуежай қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістанда әуежай қызметкерлері мінген автобус жол апатына түсті. Ол жүк артқан ГАЗель көлігіне соғылған. Апаттан автобус жолаушысы қаза тапты. Тағы алты адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы таңғы сегіздің шамасында "Самара-Шымкент" тас жолында орын алды, деп мәлімет келтіреді Астана телеарнасы.

Шымкент бағытынан Қызылорда бағытына кетіп бара жатқан ГАЗел жүк автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан автобус автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соның салдарынан бір азамат қайтыс болып, қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Түркістан ҚПБ Патрульдік полиция батальонының командирі Данияр Түймебаев

Полиция департаментінің дерегінше, жүк көлігі Ақтөбе облысын бетке алған. Ал жолаушылар мінген автобус киелі шаһардағы халықаралық әуежай қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан. Онда жұмысқа бара жатқан он бес адам болған.

Аурухана жеткізілген алты адамның төртеуі ер, екеуі әйел адам. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емге жіберілген.

Екі әйел адамның беті сырылып, маңдайы жарылған. Ал 4 ер адамның жарақаты жеңіл дәрежеде, - дейді орталық аурухана дәрігерлері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: