Темір тордың арғы жағындағы өмір: Түрмеде сотталған келіншек декретке шықты
Сурет: Zakon.kz
ШҚО-да ер азаматына пышақ жұмсаған бойжеткен 5 жылға сотталды. Ол темір тордың арғы жағында арнайы мамандықты игеріп, жұмысқа орналасқан. Болашақ жарын да тауып, жүкті болған. Сөйткен Анастасия жақында декреттік демалысқа шығып, жәрдемақы рәсімдеуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоныстану колониясына сотталушы 2022 жылдың ақпан айында келіп түсті. Ол өте тұйық, ешкіммен сөйлеспейтін. Сотталғандармен де, мекеме қызметкерлерімен де. Оның жеке ісін зерттегеннен кейін сотталушының 3-дәрежелі аспаз мамандығы бойынша арнайы орта білімі бар екені анықталды. Аспазшы мамандығын ол әйелдер колониясында жазасын өтеу кезінде алған. Алайда, аталған мамандық бойынша жұмыс істеп үлгермеген, өйткені түзеу мекемесіндегі асханаға, ең бірінші кезекте, сот үкімі бойынша үлкен талап-арыздары мен атқару парақтары барлар орналастырылады, - дейді ШҚО республикалық мемлекеттік №24 мекемесінің жедел уәкілі Кәрібаева.
Карантин аяқталғаннан кейін Анастасияға қоныс колониясындағы асханада аспаз ретінде айлыққа жұмыс істеу ұсынылған. Жұмыс өз тиімділігін танытып, сотталушы тату ұжымға еш іркіліссіз сіңіп, жанарында ұшқын пайда болған. Жазасын өтеу кезінде ол болашақ күйеуін де кездестіреді.
Онымен шамамен 2 жыл бірге тұрдым, осы уақытта менің өмірім қорқыныш пен үрейге толы болды. Өйткені ол үнемі ішіп алып, мені ұрып-соғатын. Тағы бір удай мас кезінде шыны банкіні алып, менің басымнан қойып қалды. Мен қорғануға мәжбүр болдым. Ашу-ызадан қолыма пышақты қалай алғанымды білмеймін, қазір ол үшін қатты өкінемін, - дейді ару өткенін еске алып.
Анастасия түрмеде сүйіктісін кезіктіріп, көп ұзамай аяғының ауыр екенін біледі.
Біз ата-ана болатынымызды білдік, сондықтан бостандыққа шыққанда үйленеміз деп шештік. Жүктілік - әрбір әйелдің өміріндегі ең маңызды және қиын кезеңдердің бірі. Өз кезегімде мекеме әкімшілігіне декреттік демалысқа шығуға, жәрдемақымды тіркетуге мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді, - дейді ол.
Құзырлы орын мәліметінше, бүгінгі таңда түзеу мекемесінде жұмыс істей отырып, Анастасия ҚР Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес, декреттік демалысқа шығуға және одан әрі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндігі бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript