Түрме қызметінде жас қызметкерлерді ортаға бейімдеу – маңызды жұмыстардың бірі
Сурет: Zakon.kz.
Жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі - жас қызметкерлерді ортаға бейімдеу аясында ШҚО-дағы №24 республикалық мемлекеттік мекемесінде жаңадан қабылданған сержанттардың отбасымен танысу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған мекеме қызметкерлерінің басым бөлігі өз қызметтік міндеттерін орындауда кәсіби біліктілік, жоғары жауапкершілік талап етілетін сержанттар құрамынан тұрады. Мәселен, мекемедегі бақылау бөлімі қызметі бастығының қол астында 31 қызметкер бар, оның үшеуі жас сержант.
Жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің отбасына барудағы мақсат - отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста ол қандай адам, тұрмыс жағдайы қалай, қандай да бір қиындықтар бар ма деген сауалдарға нақты жауап алу, көзбе-көз танысу. Сол арқылы оның әлеуметтік-психологиялық хал-күйіне баға беріледі. Сондай-ақ бұл ақпарат оның ұжымға етене сіңісуінде, жеке құрам арасында жас қызметкерлердің қиындықтарын анықтауда маңызды. №24 республикалық мемлекеттік мекемесі Бақылау қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Серік Сүлейманов
Сурет: ШҚО ҚАЖД №24 республикалық мекемесі
Жас қызметкерлермен жұмыс кезінде мекеме психологы, кадр бөлімінің мамандары және офицерлер де тартылады. Бірі жас қызметкердің жаңа ортаға сіңісуде психологиялық-эмоциялық жағдайын қадағаласа, тағы бірі кәсіби біліктілігін шыңдауда ақыл-кеңестерімен ұдайы бөлісіп, арнайы шараларға жолдап отырады.
Сурет: ШҚО ҚАЖД №24 республикалық мекемесі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript