Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды
Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Сот отырысының басталғаны туралы ақпаратты Zakon.kz тілшісіне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Астанада ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды.
Оған қатысты іс "аса құпия" деген белгімен қаралып жатыр.
6 қаңтарда ҰҚК отанға опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изолтяторына қамалды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Алдында Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript