Елімізде биыл мыңға жуық жолаушы құқық бұзғаны үшін пойыздардан түсірілген
Сурет: polisia.kz
Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Ақтөбе – Маңғыстау"бағытындағы жолаушылар пойызы бастығының актісі бойынша 53 жастағы азаматты ұстады. Мұны Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, көлік полицейлері тексеру барысында жол-жөнекей ішімдік ішкен Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Сонымен бірге шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын да бұзғаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы ҚР аумағынан тысқары шығарылды. Дәл осындай құқық бұзушылық Семей станциясында да болды. Бұл жолы көлік полицейлері бірден қостанайлық үш ер адамды "Өскемен – Астана" бағытындағы жолаушылар пойызынан түсірді.
Олардың бәрі ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері акті бойынша жолаушылар пойыздарынан түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 972 тұлға түсірілген. Оның ішінде 826-ы қоғамдық орындарда мас күйінде болған, тоғызы темекі шегуге болмайды деген тыйымды ескермеген, сонымен бірге 87-і ұсақ бұзақылық жасаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript