Есірткі қолданған әрі сақтаған өзбекстандық әйел 6 баласымен елден шығарылды
Сурет: polisia.kz
Атырауда есірткі тұтынып, көлік басқарған әрі 34 дана психотроп дәрі сақтаған 30 жастағы Өзбекстан азаматшасы 6 баласымен ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған. Тексеріс барысында 30 жастағы шетелдік азаматша мен оның 6 баласының құжатсыз жүргенін анықталған.
Әйел Атырауға 2013 жылы келіп, жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған. Сонымен қатар 7, 5, 3, 2, 1 және әлі бір жасқа толмаған балаларының да құжаты жоқ болып шыққан.
Осылайша, Атырау полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық перзентханасынан кәмелетке толмаған алты балаға туу туралы анықтама алып, Өзбекстан Республикасының елшілігіне аталған азаматшаны еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып берген.Polisia.kz
Атырау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасы алты баласымен ҚР аумағынан шығарылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript