Астанада полицияның есебінде тұрған азаматтарды тексеру кезінде 10-ға жуық құқықбұзушылық анықталды
Іс-шараның мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айырылмаған, бірақ жаза кесілген тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын-алу.
Есепте тұрған азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, 10-ға жуық құқықбұзушылықтар анықталды. Оларға қатысты хатталамалар толтырылды.
"Мәселен, арнайы іс-шара барысында полиция қызметкері мен пробация қызметінің инспекторы 21 жастағы сотталушының мекенжайына барып, үйіне тексеру жүргізу кезінде бүктелген қағаздан есірткі затына ұқсас сұр-жасыл түсті зат тауып алды. Жас жігіт бұл марихуана заты екенін, оны өзі қолдануы үшін сатып алғанын айтты. Аталған факті бойынша оқиға орнына "Сарыарқа" аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, қосымша тергеу ісі қозғалды"Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Пробация қызметінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері тарапынан есепте тұрған пробациядағы сотталғандардың құқықтық тәртіпті қайталап бұзуына жол бермеу мақсатында сотталғандардың туыстарымен, оларға ықпал жасай алатын адамдармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Әңгіме барысында жасаған қылмысын қайталамау және қоғамдық тәртіпті бұзбау жайы ескертілді.