Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында ауыл округі әкімі пышақ жарақатынан қаза тапты — БАҚ

Ернар Махамбетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 19:43 Ернар Махамбетов. Cурет: gov.kz
12 желтоқсан күні түнгі 00:50-де Ақтөбе облысы Алға ауданы полиция бөлімінің 102 нөміріне шаруа қожалықтарының бірінде кісі өлімі болғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған.

"Жанжал барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ жарақатын салған. Оқиға салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды". Polisia.kz

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, БАҚ Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы хабар таратты.

Онда Қарабұлақ ауылы әкімдігі оқиғаны растағанын, алайда мән-жайын ашып айтпағанын жазған.

"Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі әкім, екіншісі маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы ауылда негізі 500 адам тұрады", - деп жауап берген Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әкім пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқан. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: