Жітіқарадағы жанармай құю бекетінің қызметкері ұрлық болды деп, 600 мың теңгені өзі алмақ болған
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтің сөзінше, бүгін, 12 желтоқсанда таңертең Жітіқара полиция бөлімінің "102" пультіне жанармай құю бекетінің бірінде операторға қатысты күш қолданамын деп қорқытқан белгісіз ер адамның кассадан 600 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірнеше минут ішінде жедел-тергеу тобы барған. Оқиға орнын тексеру және жанармай операторына сауалнама жүргізу кезінде полиция қызметкерлерінде берілген ақпараттың дұрыстығына негізделген күмән туындады. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз өзіне ақша алу үшін қылмыс жасалғанын мойындады. Қомақты қаражат қайтарылды.
Сурет: polisia.kz
Қазіргі уақытта полиция "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.