Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған семейлік жарты млн теңгесінен қағылған
Сурет: polisia.kz
Семей полициясына биыл қараша айының ортасында 33 жастағы тұрғын жүгінген. Ол 2021 жылдың тамыз айында бейтаныс адам Toyota Estima автокөлігін РФ есебінен қазақстандық есепке рәсімдеп, құжаттарын дайындап беремін деп ірі көлемде қаражатын алдап алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңге болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаланың 38 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Polisia.kz
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript