Ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылық кезінде өзгелерден қалай көмек сұрау керегін көрсетті
Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылық кезінде полицияға жүгіне алмаған азаматтар өзгелерден қалай көмек сұрау керегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіз зорлық-зомбылыққа тап болып, өздігіңізден полицияға жүгіне алмасаңыз, "көмек қажет" деген белгіні көрсетіңіз. Біреудің осы белгіні көрсеткенін байқасаңыз, демек ол адамға көмек керек", - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі мұндай кезде жедел 102 нөміріне хабарласу керегін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript