"Волейболдан жарысқа бара жатқан". Ақтөбеде 9 бала мен жаттықтырушысы мінген көлік аударылып кетті
Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде жаттықтырушы мен тоғыз бала мінген көлік жол апатына ұшырады. Бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz дерегінше, 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылды.
Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.
Салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің өкілі Айдос Құлжанов балаларды тасымалдайтын кезде полиция қызметкерлері ілесіп жүруі үшін жолға шығардан 3 тәулік бұрын сұраныс жасау керегін ескертті.
"Құрметті азаматтар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес, балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруі үшін белгіленген мерзімге дейін 3 тәулік бұрын сұраныс ұсынылуы қажет", - деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript