Атыраудағы тұрғын үйде газ жарылып, ерлі-зайыпты ауыр жарақат алды
Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Атыраудағы тұрғын үйде газдың жарылуы салдарынан екі адамның денесі 90% күйген. Олар қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 17 желтоқсанда таңғы сағат алты шамасында Атыраудағы Жұлдыз шағын ауданының 21-көшесінде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болған.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын уақытша тұрғын үйде газды-ауа қоспасының салдарынан жарылыс болғанын анықтады. Салдарынан 49 жастағы үй иесі мен оның 48 жастағы әйелі ауыр дәрежедегі (денесінің 90%-і) күйік алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.
Өрт сол күні сағат 7-де сөндірілді, сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript